Шымкентте «Аманат» азаматтық платформасы мүшелерінің кездесуі өтті

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте «Аманат» азаматтық платформасының отырысы өтті. Аталған тұғырнаманың белсенді жұмыс істеуіне Шымкенттегі қоғамдық ұйымдар да белсенділік танытып отыр.

Кездесу барысында «Аманат» азаматтық тұғырнамасының Шымкент қаласындағы штабының жетекшісі Ербол Дайрашұлы штаб мүшелерін таныстырды. Алдағы жұмыс барысын пысықтады. Жиынға «Шымкент қаласы Азаматтық альянсы» қауымдастығының президенті Жұмағали Білісбеков қатысты.

«Азаматтық алаңның мақсаты — алдағы өткелі жатқан сайлау үдерісіне қоғамдық мониторинг жүргізу. «Аманат» азаматтық алаңы — бұл әділ, ашық сайлауға мүдделі Қазақстан азаматтарының тәуелсіз ерікті бірлестігі. Оған қоғамдық ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері, жастар, сарапшылар, азаматтық қоғам белсенділері кірді», — деді штаб жетекшісі Ербол Дайрашұлы.

Кездесуде штабтың аудандағы өкілдеріне сайлау барысында мониторинг жасаудың тәртібі түсіндірілді. Сайлау үшін қажетті жағдай жасаудың 5 негізгі бағытын қамтитын тұжырымдама әзірленіпті.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 45 үкіметтек емес ұйым бар. 9 маусымда өтетін ҚР президентін кезектен тыс сайлауда Шымкент аумағы бойынша 260 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы