Шымкент қаласының үш жылдық бюджеті бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қалалық мәслихаттың кезекті 62-ші сессиясында депутаттар 3 жылға бюджетті бекітті. Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлады.

Оның көлемі 356 млрд теңгені құрады. Қаржының басым бөлігі әлеуметтік, білім, мәдениет салалары мен коммуналдық мәселелерді шешуге бағытталды.

Сессияның қарауына ұсынылған 22 мәселе алдын тұрақты комиссияларда жан — жақты талқыланғандықтан, олар бойынша шешім бірауыздан қабылданды. 3 жылға арналған қала бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Медицина саласына 22,7 млрд теңгеге 16 жоба іске асырылды. 500 орындық емхана 1 аптада пайдалануға беріледі - дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр.

7 млрд. теңгеге қаладағы 4 аудандағы 260 көпқабатты үйлердің ауласын абаттандыруға 15 жоба жүзеге асырылуда. Еңбекші ауданында бұл жұмыстар аяқталса, қалған аудандарда жалғасып жатыр.

Білім саласында 7 жобаны жүзеге асыруға 10 млрд. теңге  бағытталды. Әкімшілік іскерлік орталығында 320 орындық балабақшаның құрылысы аяқталып, 150 орындық өнер мектебі пайдалануға тапсырылмақ.

Қаланың іргесіндегі "Азат" шағынауданын газдандыруға 33,7 млн теңге, "Тұран" шағынауданындағы 1,3,7 көше жолдарының құрылысына 400 млн. теңге бөлінбек. Бәйдібек би мен Ұ. Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы жол айырығының құрылысына 50 млн теңге бағытталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы