Шымкент қаласының әкімдігі жұмыс істейтін жастарға пәтер сатып алу мәселесін шешпеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй жобаларын орындау көрсеткіштері төмен екенін айтты.
Министр сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй бойынша жобаларды іске асыру кезінде Павлодар, Қарағанды, Атырау, Ақмола облыстарының әкімдіктері бөлінген қаражатты толық игермегенін айтты.
Биыл Алматы (100 пәтер), Шығыс Қазақстан (86 пәтер), Түркістан (60 пәтер), Маңғыстау (73 пәтер) және Батыс Қазақстан (18 пәтер) облыстарында жұмыс өндірісі кестесінен артта қалу салдарынан жалға берілетін тұрғын үй жобалары бойынша жоспарлаған көрсеткіштердің орындалмау қауіпі бар.
Шымкент қаласының әкімдігі жергілікті бюджеттен қосымша қаражатының болмауына байланысты жұмыс істейтін жастарға 600 пәтер сатып алу мәселесін шешкен жоқ. Бөлінген 50 млрд теңгенің 31 млрд теңгесі игеріліп, Павлодар (59,2%), Маңғыстау (81,3%), Атырау (79,6%) облыс әкімдіктерінде көпбалалы отбасылар үшін сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үйлер бойынша қаражаттың төмен игерілуі байқалады, - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны төмендеген
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы