Шымкент қаласында қайтыс болған науқас туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы Шымкент қаласында қайтыс болған науқас туралы хабарлады.
1968 жылғы науқас Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғыны. 20 сәуірде Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының реанимациялық бөліміне жатқызылды.Ауруханаға түскен кезде, науқастың ауыр жағдайына байланысты, ӨЖЖ аппаратына қосылды. Науқаста дилатациялық кардиомиопатия, жүрекше фибрилляциясы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті сияқты ілеспе аурулары болды. Емдеу хаттамаларына сәйкес, науқасқа барлық қажетті емдеу шаралары жүргізілді. Бірнеше рет республикалық мамандармен кеңес өткізілді. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 23 сәуірде сағат 20:30-да науқас қайтыс болды, – делінген хабарламада.
Науқаспен байланыста болған барлық азаматтар оқшауланып, карантинге алынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дәрігерлер бір айлық нәрестенің өмірін сақтап қалды
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы