Шымкент әкімінің орынбасары екі айға қамалды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховқа бұлтартпау шарасы қолданылды, деп хабарлайды BAQ.KZ жергілікті Отырар порталына сілтеме жасап.

21 шілдеде Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховқа қатысты 2 айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын таңдады. Бұған дейін хабарлағандай, М.Исахов жемқорлық фактісі бойынша ұсталды, - деп жазылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

Еске салсақ, 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты ұстады.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүр3п жатыр.

Исахов әкімнің орынбасары қызметінде 2020 жылдың ақпан айынан бастап істеген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы