Шымкент әкімі Қызылжардағы құрдымға кеткен стадионға қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік желіде жиі көтеріліп жүрген тақырыпқа Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жауап берді.

БАҚ-та бұл мәселе көтерілгені рас. Біріншіден айтарым, бұл стадион емес. Кезінде қала тұрғындары елді мекен қосылмай тұрып, өздері жасап алған алаң. Өз баяндамамда айтып кеткендей, қазір қалада 115 спорттық ашық алаң салынып жатыр. Сол спорттық алаңдардың екеуі Қызылжарда салынады, -деді қала әкімі.
Әйтенов ол жердегі тұрғындармен кездесіп, стадион орнына 4 қабатты емхана салынатынын түсіндіргенін айтты.

Алаңда жұмыс қақынды жүріп жатыр. Қазіргі кезде бір спорттық алаңның құрылысы аяқталып отыр. Ал екіншісін келесі жылы көктем кезінде аяқтап береміз, - деп мәлімдеді Әйтенов.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы