Шымкент әкімі Д.Қонаев даңғылы жалғасының құрылыс барысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Д.Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының 2 және 3 кезеңі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады, деп хабарлады  Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Орындалған әрбір жұмысқа зертханалық сынақтамалар жүргізіліп, сапасы тексерілуін тапсырды.

Сондай ақ, Қонаев даңғылы жалғасының екінші кезеңі бойынша инженерлік желілерді орнын ауыстыру, мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстарымен қатар ұзындығы 0,561 шақырымды құрайтын үшінші кезеңі бойынша қазіргі уақытта жол мен  аяқ жолдардың негізін әзірлеу, абаттандыру және жер үсті жаяу жүргінші өткелін жасау жұмыстары атқарылуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы