Шымкент әкімі ауысатыны рас па?

Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы әкімінің ауысатыны туралы жалған ақпараттар жариялануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ақпаратты қала әкімдігі жоққа шығарды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Сондай-ақ қазір қала әкімі Мұрат Әйтеновтің лауазымдық қызметінде екенін хабарлайды, - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салсақ, Әйтенов 2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарып келеді.

Бұған дейін еңбек жолында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы, ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары және Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы