Шымкент әкімі 629 тұрғынды қабылдап, 200-ден астамының мәселесін шешіп берген
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 5 айда қала мен шағын аудандарды аралап, 70 кездесу өткізген, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Мұрат Әйтенов әкімнің жеке қабылдауы барлық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен күні бойы «ашық есік» форматтында өтіп жатқанын атап өтті.
Халықты толғандыратын әрбір сұрақтарды бақылауға қойып, жоспарға енгіздік. Жыл басынан 6 жеке қабылдау өткізіп, 629 адам қабылдадым. Қабылдау барысында көтерілген мәселелер бойынша 322-і тапсырма беріліп, оның 224-і шешімін тапса, қалғандары заң талаптарына сәйкес қаралуда. Одан басқа, тұрғындарды толғандыратын мәселелерді соңына дейін орындалуына қол жеткізу, ашық және тиімді жұмыс жасау үшін әр елді мекеннен белсенді азаматтардың бақылауына қойдық, – деді әкім ОКҚ-да өтіп жатқан брифингте.
Оның сөзінше, бұл тәжірибе халықпен кері байланысты күшейтіп, қазірдің өзінде жақсы жағынан көрсетіп отыр.
Белсенді азаматтармен өзім кездесіп, жоспардың нақты істермен шешіліп жатқанын халық көріп отыр, – деді Әйтенов.