17 Шілде 2025 2025, 02:24
Фото: pixabay.com
Шымкент әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады
Шымкент әкімдігі қала тұрғындарын алаяқтардан абай болуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шымкент әкімдігі қала тұрғындарын алаяқтардан абай болуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Егер күмәнді жағдайға тап болсаңыздар, шұғыл құқық қорғау органдарына хабарласу керектігін айтты.
Тұрғын үй басқармасы қызметкерлері ресми хабарламаларды Шымкент қаласы әкімдігінің және Тұрғын үй басқармасының ресми сайттары, әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы таратады, - делінген қала әкімдігі таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ алаяқтық әрекетке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертті.
Сіздерден белгісіз азаматтар жолдаған жалған құжаттамаларға немесе шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарға сенбеуді, сондай-ақ бейтаныс нөмірлерге ақша аудармауды сұраймыз, - делінген хабарламада.