Шымкент қаласына ең жас әкім тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 21 қаңтарында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Шымкент қаласы мәслихатының келісімі бойынша Шымкент қаласының әкімі қызметіне Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы тағайындалды. 

Ол бұл қызметте Ерлан Қуанышұлы Айтахановты алмастырды. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды, - делінген Ақорданың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жаңа әкімді Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы Қошанов Ерлан Жақанұлы таныстырды.

М.Әйтенов 1981 жылы туылған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша "Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы" және заңтану.

Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

2006-2008 ж. – ҚР ПІБ "Астана-Өнім" АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі;

2008-2010 ж. – ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы;

2010-2012 ж. – ҚР Президенті іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2012-2013 ж. – ҚР Президенті іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі;

2013-2016 ж. - ҚР Президенті іс басқармасының аппарат басшысы;

2016 - 2019 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті іс басқарушысының орынбасары.

Ол бұған дейін, яғни 2019 жылдың желтоқсанынан бастап, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы