«Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы болып Садибеков Бижан Абдигапбарұлы тағайындалды.
Бұл туралы «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі хабарлады.
Садибеков Бижан Абдигапбарұлы Түркістан облысы Келес ауданы Бірлесу ауылында дүниеге келген.
М. Әуезов атындағы ОҚМУ түлегі. Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті магистранты.
• 2013-2014ж. ОҚМПИ-ның Биология кафедрасында ассистент.
• 2015 - 2017 жылдан ОҚМПИ-ның магистр – оқытушы,
• 2017-2019 жылдар ОҚМПУ-де «Жаратылыстану» факультетінде декан орынбасары.
• 2019-2022 Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының «Қоғаммен байланыс және ақпаратты талдау» бөлімінің басшысы қызыметін атқарған.
Сонымен қатар, Б. Садибеков Шымкент қаласы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісіболып тағайындалды.
Айта кету керек, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметі қоғамдағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мегаполистің мемлекеттік органдарына азаматтардың сенімін арттыруға бағытталған.