Шымкент: 20-дан астам футбол жанкүйері полицияға жеткізілді

Еңбекші АПБ-на 102 арнасы арқылы Уәлиханов көшесіндегі "Прага" кафесінің жанында ер адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы барды.

Белгілі болғандай, "Ордабасы" мен "Ақтөбе" футбол командаларының жанкүйерлері арасында келіспеушілік орын алғаны анықталды.

Қазіргі таңда полиция басқармасына 20 адам жеткізілді. Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы