Шымкент: 10 айда 125 020 жол ережесін бұзушылық анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы Полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 2020 жылдың 10 айында жол қауіпсіздігі бағыты бойынша 125 020 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. 

Барлық фактілер бойынша құқық бұзушыларға қатысты тиісті әкімшілік хаттама толтырылды, деп мәлімдеді Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған фактілер ішінде: жалған мемлекеттік нөмірі бар көлік құралын басқарғаны үшін – 26, терезе күңгірттегені үшін – 9028, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін – 6 805, шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кеткен автокөлікті пайдаланғаны үшін – 215 факті бар.

Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша 1 834 жағдай анықталса, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау – 12 266, қарсы жолаққа шығу – 121, аялдау немесе тұрақ қағидаларын бұзу – 8 129, жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеу – 371, жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау бойынша 24 424 факті тіркелген. 

Сондай-ақ, жарық немесе дыбыс сигналдарын орнату қағидаларын бұзу (11 факті), мас күйінде жүргізу (227 факті), өзімен бірге жүргізуші куәлігі жоқ жүргізушінің көлік құралын басқаруы  (1 987 факті), өзге де құқық бұзушылықтар бойынша 59 576 жағдай анықталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы