15 Қыркүйек 2026, 06:56 Фото: Informburo.kz Данный текст скопирован с сайта Informburo.kz https://informburo.kz/novosti/kanatnye-dorogi-na-symbulake-zakroiut-na-neskolko-nedel

Шымбұлақтағы аспалы жолдар бірнеше аптаға жабылады

Аспалы жолдар жаңа маусымға дайындық жұмыстарына байланысты уақытша жабылады.

Шымбұлақ тау-шаңғы курортындағы аспалы жолдар 12 қазаннан бастап жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты жабылады.

Курорт әкімшілігінің мәліметінше, көтергіштер профилактикалық жұмыстардан өтіп, жаңа маусымға дайындалады.

Жабылу мерзімі:

  • M1 «Медеу – Шымбұлақ» – 19 қазаннан;
  • K-1 – 19 қазаннан;
  • K-2 – 19 қазаннан;
  • KKD-4 – 12 қазаннан.

Барлық аспалы жолдар 1 қарашадан бастап қайта жұмыс істейді.

Сонымен қатар инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға байланысты Шымбұлақ шатқалындағы автожол 30 қарашаға дейін жабық болады.