Шымбұлақта Қытайдан келген турист жарақат алды
"Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында жарақат алған туристке ТЖМ құтқарушылары көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты маңында, теңіз деңгейінен шамамен 3000 метр биіктікте Қытайдың 1973 жылы туған азаматшасы жарақат алды.
Ол тау баурайымен сырғанаймын деп белін ауыртып алып, өздігінен жүре алмаған.
Оқиға орнына ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шықты.
Құтқарушылар оқиға орнына аспалы жол арқылы көтерілген. Курорт құтқарушыларымен бірлесіп зардап шеккен әйелге алғашқы көмек көрсетті. Оны зембілмен төмен түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанайда екі жігіт газдан уланып қалды
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы