Шымбұлақта қар көшкіні болып, бір адам мерт болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының Шымбұлақ туристік аумағынан жоғары тұста қар көшкіні жүріп, бір адам мерт болды. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

2022 жылғы 10 науырызда Медеу ауданында «Шымбұлақ» тау шаңғы курортынан жоғары аумақта 1975 жылы туған азамат "Школьник" атты көшкін жинағышында тау баураймен сырғанап, трасса қоршауынан шығып кетіп, қар басқан баурайды қиып өткен. 

Оның осы әрекеті қар көшкінінің жүруіне себеп болды. Оқиға салдарынан  1975 жылғы туылған азамат қайтыс болды. «Шымбұлақ» ТШК құтқарушылары оның мәйітін қар көшкіні астынан алып шықты. Қазіргі уақытта (Комби-2) арқан жолдың жұмысы тоқтатылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қалалық ТЖД  Қазгидромет берген дауылды ескертудің негізінде тұрғындарға таудағы көшкін қаупі туралы ұялы телефонмен смс, сондай -ақ БАҚ арқылы хабардар етіп ескерткен болатын.

Түскен қар массасының көлемі анықталуда.

Оқиға орнында ТЖ департаментінен 1 қызметкер мен 1 бірлік техника, Республикалық жедел құтқару жасағынынан 8 қызметкер және 1 бірлік техника, Қазселденқорғау  мемлекеттік мекемесінен 2  қызметкер барды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы