Шымбұлақ тау курорты 12 сәуірге дейін жұмысын тоқтатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымбұлақ тау курорты 12 сәуірге дейін жұмысын тоқтатты.
Құрметті Шымбұлақ тау курортының қонақтары! Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 27 наурыздағы қаулысына сәйкес, Шымбұлақ ТК өз қызметін 29 наурыздан 12 сәуірге дейін тоқтатады.Бірақ біз көңілімізді түсірмейміз, сізді 12 сәуірден кейін тау баурайнда көреміз деп үміттенеміз, - деп жазды курорттың әкімшілігі Instagram парақшаларында.
Шымбұлақ — Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2510 метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық курорты. Талғар асуының бөктеріндегі бұл спорттық кешен 1954 жылдан бастап тау шаңғысы спортшыларының сүйікті орнына айналған.
Айта кетейік, 27 наурызда Алматының мемлекеттік санитарлық бас дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы карантинге қатысты жаңа қаулы қабылдаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
28 наурызға арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы