Шылым шегу салдарынан коронавирустан көз жұму қаупі артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шылымды көп шегетін адамдарда коронавирустан қайтыс болу қаупі 90%-ға артады.
Бұл туралы Сеченов университеті пульмонология кафедрасының меңгерушісі, Ресей ДСМ штаттан тыс бас пульмонологы Сергей Авдеев айтты, деп хабарлады «Известия».
Маманның айтуынша, темекі жиі шегетін адамдар COVID-19 жұқтырған жағдайда, ауру ағымы жеңіл өтеді деген жалған ақпарат. Бұндай қорытындыны Франция мамандары жасаған және ол тек бір зерттеуге ғана негізделген. Алайда ол расталмаған.
Қазір дәлелдемелі медицина арқылы алынған деректерге сүйенсек, шылым шегу - COVID-19 жұқтырған науқас үшін жағымсыз ықпал етіп, өлім қаупін арттырады, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бас санитар атыраулықтарға «Ауызашар» өткізуге тыйым салды
Өзгелердің жаңалығы