Шығыстағы Апаттар медицинасы орталығы 300-ге жуық төтенше жағдайда көмектесті

Шығыс Қазақстанда Апаттар медицинасы орталығы 300-ге жуық төтенше жағдайда көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері шалғай және жету қиын жерлерге барады, елді мекендерден тыс жерде емдеу мекемелерінен едәуір қашықтықта жұмыс істейді, далалық жағдайда госпитальды ашуға мүмкіндіктері бар.

Шығыс Қазақстан филиалында 13 дәрігер жұмыс істейді, 2024 жылы АМО филиалы түрлі төтенше жағдайларға 281 рет барды, 70-тен астам азаматқа көмек көрсетті, 30-ға жуық адамды эвакуациялады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы