Шығыста полицейлер 80-нен астам жүргізушіні қар құрсауынан шығарды

ШҚО полицейлері үш күн ішінде 80-нен астам жүргізушіге қар құрсауынан шығуға көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Боран, жолдың көріну мүмкіндігінің нашарлығы, қарлы боран және дауылды жел. Осындай, ауа -райының қолайсыздығына байланысты жолдағы жүргізушілер қиын жағдайға тап болатыны белгілі.

Кейде жүргізушілердің өздері "102" арнасына жүгінеді, ал кейде оларды тасжолдарда патрульдейтін инспекторлар байқайды.

Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы тас жолында тәртіп сақшылары қар құрсауында қалған ауыр жүкті көлікті байқаған. Белгілі болғандай, Грузия тұрғыны үйге қарай қайтар жолда кептеліп қалған. Жүргізуші өздігінен шығуға тырысқан, алайда көп тонналы жүк көлігі одан әрі қарға бата түскен. Сонымен қатар, көліктің ұзын тіркемесі жол бойымен бұрылып қалған.

Қарлы боранда 3 сағаттан астам уақыт бойы тұрған ауыр жүкті ірі мамандандырылған техника да бірден көтере алмады. Алайда жарты сағат өте келе бірнеше әрекеттен кейін жүргізуші өз көлігімен жолға сәтті шықты. 

Айта кетейік, аптаның басынан бастап Шығыс Қазақстан полицейлері қар құрсауында калған 80-нен астам жүргізушіге көмектесті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы