Шығыста баланың жүрген жерін анықтайтын мобильді қосымша іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында цифрландыру  аясында балалар қауіпсіздігі бойынша  «Найди меня» жүйесі  іске қосылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған мобильді қосымша балалардың киіміндегі трекерлердің көмегімен олардың қайда жүргендерін қадағалайды.

Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиевтің айтуынша, есеп беру кездесуі барысында ағымдағы жылы құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды қабылдаудың жаңа тәртібін қамтитын, оның ішінде бейне қоңырау шалу  немесе  фото-бейне материалдарды  жіберу мүмкіндігі бар «102» мобильді  қосымшасы жүйесі де іске қосылды. 

Сонымен қатар департамент басшысы жергілікті полиция қызметін  реформалау жалғастырылып жатқандығын, қызметкерлері халықпен тығыз қарым-қатынас жасайтын, полиция қызметкерлерінің  тарапынан дөрекілік пен бейтараптық көріністерінің себептері мен жағдайларын  болдырмауы тиіс болып саналатын осы бөліністердің жұмыс алгоритмі, стандарттары қайта қарастырылып жатқандығын да атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы