Шығыс Қазақстан тұрғындарына тауға бармау туралы ескертілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына тауда қар көшкіні жүру қаупі туралы ескертілді, деп хабарлады аtaynews.kz.
«Қазселденқорғау» ММ филиалының ақпараты бойынша қауіп 7 ақпанға дейін сақталады.
«Қазселденқорғау» ММ филиалының ақпараты бойынша қауіп 7 ақпанға дейін сақталады.
Желдің соғуы, қардың көп болуы, температураның жоғарылауы - мұның бәрі таудағы қар көшкінін туғызуы мүмкін. Тауға барудан және таулы жерлерден аулақ болыңыз, көшкін қаупі бар беткейлерден өтіп бара жатқанда абай болыңыз, - деді ТЖД қызметкерлері өңір тұрғындарына.
Облыстағы 336 беткейде қар көшкіні жүруі мүмкін. ШҚО жолдарында жалпы ұзындығы 105 км құрайтын 16 қаупті учаске бар: Өскемен – Самара, Өскемен-Алтай, Согорное – Барлық, Берел – Рахман қайнарлары (Катонқарағай ауданы), Зубовка – Путинцево, Лениногорск-Чекмарь кеніші.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы