Шығысқазақстандық дәрігерлер шетелде білім жетілдіреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да 50-ден астам дәрігер маман шетелдік клиникалардан білім алады. Медициналық қызметкерлерді республикалық және шетелдік клиникаларда үш деңгейлі оқыту бағдарламасы аймақта үшінші жыл қатарынан жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Altaynews.

2019 жылғы мәліметтер бойынша, Англия, Литва, Израиль, Польша елдерінің жетекші клиникаларында 276 дәрігер біліктілігін арттырған. Пандемияның салдарынан өткен жылы тек 5 маман ғана Түркияның клиникасында оқып қайтты.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбековтың айтуынша, былтыр әлемдік кластағы жетекші мамандардың қатысуымен 5 шеберлік сыныбы ұйымдастырылған екен. Оның барысында 100 медициналық қызметкер білім алды.

Биыл дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін шетелдік клинкаларда оқыту ары қарай жалғасын табады. Оқуға акушерлік, гинекология және онкология бағыттары бойынша 53 маман барады деп жоспарланған.

Мамандардың тізімі дайын. Дәрігерлер тілдік тәжірибеден өтуді бастады. Пандемия әлсіреген жағдайда, 50-ден астам адам оқудан өтеді, - дейді басқарма басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы