Шығыс Қазақтандағы тау-кен байыту кешенінде өрт болды

17 наурызда Шығыс Қазақстан облысында Алтай ауданында тау-кен байыту кешенінде өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 наурызда Алтай қаласында тау-кен байыту кешенінің территориясында жеке орналасқан екіқабатты цехтың шатыры өртенді.

Оқиға орнында ШҚО ТЖД жеке құрамының 18 адамы мен 5 техникасы, сондай-ақ Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 10 адамы мен 2 техникасы жұмыс істеді. Қазіргі уақытта өрт оқшауланды, қызыл жалын жалмаған ауданның алдын-ала көлемі 260 шаршы метрді құрайды, – делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы