Бүгiн 2026, 21:07
Фото: magnific.com
ШҚО-дағы Артемьев шахтасында биіктен құлаған жұмысшы мерт болды
Аталған факті бойынша арнайы комиссия құрылып, жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін тергеу басталды.
«Шығыстүстімет» ЖШС-на қарасты Артемьев шахтасында қайғылы оқиға болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 9 мамырда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң-желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап кеткен. Салдарынан жұмысшы өмірімен үйлеспейтін ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша арнайы комиссия құрылып, жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін тергеу басталды.
Компания марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.