Шығыс Қазақстандағы бір ауылда 53 градус аяз тіркелді
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданына қарасты Парыгино ауылында ауа температурасы −53 градусқа дейін төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15 қаңтар күні Парыгино ауылында термометр бағаны −45 градусқа түскен, ал 16 қаңтар таңертең аяз −53 градусқа жеткен. Түске қарай ауа температурасы −48 градус деңгейінде болған.
Ауылдық округ әкімі Ғани Төлеков тұрғындардың мұндай қатал ауа райына жақсы дайын екенін атап өтті.
Әлеуметтік және өмірлік маңызы бар нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, ешқандай ақау мен іркіліс тіркелген жоқ. Жағдай бақылауда, — деді Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Трамп Иранның жоспарланған жазаларды тоқтатқанын құптады
Өзгелердің жаңалығы