Шығыс Қазақстанда жол апатынан төрт адам көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысында тасжолда жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жол апаты 3 тамызда Күршім ауданының аумағында болған.

Күршім – Қалжыр" тасжолының 99-шақырымында Nissan Teana маркалы автокөлік пен КамАЗ соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктегі 4 жолаушы, оның ішінде 2023 жылғы сәби сол жерде көз жұмды, - деді Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Нұркен Алишев
Өзгелердің жаңалығы