Шығыс Қазақстанда жер заңнамасын бұзу фактілері анықталды
Шығыс Қазақстан облысының Жер ресурстарын басқару департаментімен Жер ресурстарын басқару комитетінің тапсырмасы негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Нәтижесінде мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласында жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруге байланысты заң бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда 1998 -2023 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласындағы 15 жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлері олар орналасқан есептік кварталға сәйкес келмейтін болып шықты.
Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында Департаментпен тиісті нұсқама беріліп, заңбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 342-1 - бабының 11 тармағына сәйкес әкімшілік іс қозғалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Веном: соңғы би» фильмі қазақ тілінде көрсетіледі
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы