Шығыс Қазақстанда үй жануарларына микрочип салуға екі миллион теңгеден астам қаржы жұмсалады

Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 2024 жылы иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларына чип салуға 2 050 000 теңге бөлінген. Бұл қаражатқа 1990 үй жануарына микрочип салу жоспарлануда. Бұл туралы BAQ.KZ yk-news.kz мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Чиптер тегін сәйкестендіру қызметтеріне сұраныс негізінде аймақтар арасында таратылады. Мәселен, Өскеменде 1200, басқа қалалар мен аудандарда 50-ден 110-ға дейін үй жануарларына чип салынбақ.

Сұраныс негізінен үлкен елді мекендерде бар, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 2023 жылы облыста 1290 үй жануарларына жеңілдікпен микрочип салынған. Бұл мемлекетке 1 329 000 теңге шығын әкелді. Бір процедураның орташа құны – 1030 теңге.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы