Шығыс Қазақстанда үш адам суға батып кеткен
ШҚО-да «Балаларды судағы қауіптен сақтаңыз!» республикалық акциясы аясында құтқарушылар жағажайларда ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ең алдымен ересектер жауапты екенін еске салып жатыр.
Шығыс Қазақстан облысында шомылу маусымы басталғалы бері үш адам суға батып кетті. Қайғылы оқиғалардың барлығы судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болған.
Алғашқы қайғылы жағдайдан кейін облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су айдындарындағы профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Жаз басынан бері 1090 рейд өткізіліп, қауіпсіздік талаптарын бұзған 80-нен астам адам анықталған.
Қазіргі уақытта балаларымен демалуға келген отбасыларға ерекше көңіл бөлініп отыр.
«Балаларды судағы қауіптен сақтаңыз!» республикалық акциясы аясында құтқарушылар жағажайларда ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ең алдымен ересектер жауапты екенін еске салып жатыр.
Басты мақсатымыз – қайғылы оқиғалардың алдын алу. Сол себепті облыстың халық көп шоғырланатын су айдындарында профилактикалық жұмыстар күн сайын жүргізіледі, – дейді құтқарушылар.
ТЖД қызметкерлері азаматтарды тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға, мас күйде суға түспеуге, бейтаныс жерлерде жүзбеуге және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Сондай-ақ қайықпен, катермен немесе өзге де жүзу құралдарымен жүрген кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию қажет.
- Еуропада жалған «бомба» дауы күшейді: Енді телеарналарға да қоқан-лоқы жасалды 10:16
- Қар, көктайғақ, қатты жел: Павлодар облысында жүргізушілерге ескерту жасалды 09:48
- Қазақстанда фармацевтика саласына 862 млн доллар инвестиция салынады 09:13
- Еуроодақ Украинаға 4,36 млрд еуро көлемінде қаржы бөлді 08:59
- Семейде жүріп келе жатқан жолаушылар автобусы өртенді 08:54
- Жалған ЖСН мен куәлік: Алматыда курьерлерге құжат дайындаған адам әшкереленді 08:50
- Биржада алтын бағасы арзандады 08:47