Шығыс Қазақстанда таулы жерлердегі өрт сөндіріліп жатыр

Шығыс Қазақстанда жетуі қиын жерлердегі өрт сөндірілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ сайтына сілтеме жасап.

3 шілдеде Асубұлақ орман шаруашылығының аумағында таулы, қол жетпейтін жерлерде құрғақ шөп пен бұталар өртенді. Өрттің ауданы шамамен 6 гектарды құрайды. 

Өртті сөндіруге орманшылардан, өрт сөндірушілер мен ЖАО-дан 180-ге жуық адам, 23 техника, ШҚО әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы «Қазавиақұтқару» АҚ-ның 2 тікұшағы жұмылдырылған. Олар өрт ошақтарына 13 рет су төкті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы