Шығыс Қазақстанда тағы бір орман өртеніп жатыр
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 маусымда Катонқарағай ауданындағы «Катонқарағай ұлттық табиғи паркі» РММ Ақсу филиалының аумағында жетуі қиын таулы жерде өрт шыққан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қызыл жалын шөп пен бұталарды шарпып жатыр.
Алдын ала дерек бойынша тілсіз жау тараған аумақ – 15 гектар. Өртті сөндіруге «Қазавиаорманды қорғау» қызметкерлері, орманшылар, жергілікті атқарушы органдар, ТЖД өрт сөндірушілері жұмылдырылды.
Барлығы 111 адам, 3 техника және ШҚО әкімі аппаратының әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы жұмыс істеуде. Жалынмен күреске жұмылдырылған адамдар сол жерге тікұшақпен жеткізілді, өйткені жер бедері автотехникамен жүруге мүмкіндік бермейді. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, - делінген ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев медицина мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы