Шығыс Қазақстанда су басу қаупі бар
"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 9-10 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және солтүстік-шығыс аудандарында (Глубокое, Шемонаиха және Алтай аудандары) жаңбыр түріндегі көп жауын-шашын және температуралық фонның көтерілуі болжанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық ТЖД мәліметі бойынша, осыған байланысты қардың қарқынды еруі күтілуде. Қардың едәуір мөлшерін және қар жамылғысында да, топырақта да мұз қабығының болуын ескере отырып, еріген суды топыраққа сіңіру қиынға соғады, нәтижесінде жер үсті су ағыны пайда болады және су басуы мүмкін.
Су деңгейі шекті деңгейден асқан кезде өзен ағысының төмен бөлігінде сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстары мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады, - деп ескертті ведомстводан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Лицензиялық турнир: Асланбек Шымбергенов қарсыласын жеңді
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы