10 Қазан 2026, 21:49 Фото: Polisia.kz

Шығыс Қазақстанда құсбегілердің халықаралық фестивалі өтті

Үш күн бойы полиция қызметкерлері қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті қадағалады.

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылында, Бүркіттөбе тауының етегінде үш күн бойы VI халықаралық «Шығыс салбурыны – 2026» фестивалі өтті. Биыл шара алғаш рет Азия кубогы мәртебесінде ұйымдастырылды.

Фестивальге Қазақстан, Ресей, Венгрия, Испания, Грузия, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркиядан келген құсбегілер қатысты. Олар бүркіт, қаршыға, сұңқар және ителгі салып, дәстүрлі құсбегілік өнерінің қыр-сырын көрсетті.

Үш күн бойы полиция қызметкерлері қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті қадағалады.

Фестиваль ашық далада өткендіктен, әкімшілік полиция қызметкерлері алдын ала жасақтардың орналасу тәртібін ұйымдастырып, патрульдеу бағыттарын белгіледі.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік ағынын реттеу және адам көп жиналған орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды.

Жұмылдырылған бөлімшелердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде фестиваль штаттық режимде өтіп, қоғамдық тәртіп сақталды.