Шығыс Қазақстанда қараусыз қалған 6 саяжай өртенді
Еліміздің ТЖМ құтқарушылары қараусыз қалған 6 саяжай үйі мен құрғақ шөпті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Белгілі болғандай, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Акимовка ауылының шетінде құрғақ шөп пен қараусыз қалған 6 саяжай үйі өртенген.
Құтқарушылар отпен күресуге асықты. Олардың жедел әрекеттерінің арқасында қауіп толығымен 5 гектар алаңда сөндірілді.
ТЖМ барлық азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы