Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін

Шығыс Қазақстанда алдағы екі күнде қар көшкіні қауіп төндіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға жасаған ескертуінде айтылды.

Күн райы қолайсыз болғандықтан 23-25 қаңтар аралығында облыстың таулы аймақтарында көшкін жүруі мүмкін. Сондықтан тауға барудан бас тартқан жөн. Әсіре, таулы аудандардағы көлік жолында қауіп жоғары. Қауіпті аймаққа келгенде аялдамай, тез өтіп кетуге кеңес береміз, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы