7 Қаңтар 2023 2023, 13:15
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше өңірде қар көшкіні жүрді.
«Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тасжолының учаскесінде жалпы көлемі 150 текше метр қар көшкіні жүрді. Бұл уақытта аталған жол жабық болатын. Жауапты мекемелердің жұмысшылары жолды бірден тазартты, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары қар көшкінін жасанды жолмен де түсіріп жатыр. Қыс мезгілінің басынан бері өңірде 80 000 текше метрден астам қар түсірілген.