Шығыс Қазақстанда қар көшкіні болды
11 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында желдің күшеюінен қар көшкіні болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11 ақпанда сағат 14:30-да Катон-Қарағай ауданында жергілікті маңызы бар "Согорное-Барлық" автожолының 16-шақырымында жауын-шашынның көп түсуіне және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 1350 м3 екі қар көшкіні өздігінен түсті. Зардап шекендер мен қираулар орын алған жоқ. Көшкіндер жолды ішінара жауып тастады. Жергілікті атқарушы органдардың жол техникасымен тазалау жұмыстары жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер мен қираулар орын алған жоқ. "Облшығысжол" ЖШС-нан 2 адам және 2 техникамен жолды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған орында полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Посттар қойылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық жасөспірімдер конькимен жүгіруден әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды
Келесі жаңалық
Иран президенті мінген тікұшақ жоғалып кетті
Өзгелердің жаңалығы