1 Тамыз 2024 2024, 01:44 Фото: скрин

Шығыс Қазақстанда пәтерден өрт шығып, 10 адам құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысында пәтердегі өрт кезінде 10 тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шығыс Қазақстан облысында пәтердегі өрт кезінде 10 тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өскемен қаласында пәтерде жеке заттар мен кіре беріс ағаш есіктің 2 ш.м. алаңда жануы орын алды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 10 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Өрт сөндірушілер пәтер иесінің мысығын да түтінді пәтерден алып шығарды, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Төтеншеліктердің мәліметі бойынша, өрттензардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Сонымен қатар ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды.