Шығыс Қазақстанда моншадағы өрт сөндірілді
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінде жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласында 10 шаршы метр алаңда монша өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Өрт сөндірушілердің күшімен жану толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне хабарласу қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда қала күні атап өтілді
Өзгелердің жаңалығы