Шығыс Қазақстанда екі тас жол жабылды
Қар көшкіні қаупіне байланысты Шығыс Қазақстанда екі тас жол жабылды. ШҚО-дағы республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазақавтожол» ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, бүгін сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары» автожолының 6-166 шақырымындағы «Ушанов ауылы – Алтай қаласы» учаскесі көліктердің барлық түрлері үшін жабылды.
Сондай-ақ «ОблШығысЖол» ЖШС мәліметі бойынша, сағат 20.00-ден бастап облыстық маңыс зы бар «Өскемен – Тарғын – Самар» тас жолының 88-145 шақырымындағы «Жоғары Тайынты – Самар ауылы» учаскесі 7 наурыз сағат 06.00-ге дейін жабылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде келесі жылы папилломаға қарсы вакцина егіле бастайды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы