Шығыс Қазақстанда екі өзенде мұз жару жұмыстары жүргізілді

Шығыс Қазақстанда облыстың өзендері жару жұмыстары жалғасуда. 19 наурызда Быково және Барақ батыр кенттерінің аумағындағы Бұқтырма және Күршім өзендері жару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, тасқын қаупі бар аймақты жыл сайын ТЖ қызметі, жергілікті атқарушы орган назарда ұстайды. Жарылған мұздың жалпы көлемі 38 000 текше метрді құрады.

Жару жұмыстары мұзды жасанды ерітуге бағытталған. Бұл тиімді шара аймақ халқына көктемгі тасқынның жағымсыз салдарын азайтуға көмектеседі. Мұнымен жұмыс аяқталмайды. Тасқынға қарсы жұмыс жалғасады, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.

Еске сала кетейік, бұған дейін өңірде 29 мың текше метрді мұзды жару жұмыстары жүргізілген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы