Шығыс Қазақстанда бұрынғы шенеуніктен 4,8 млрд теңгенің жер телімі тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысында 2022 жылы кадастрлық құны 5,5 миллард теңгені құрайтын 36,9 мың гектар 533 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Өңірдің бұрынғы шенеунігіне тиесілі жерлер шамамен 10 жыл бойы пайдаланылмаған.

Мысалы, 10 жыл бойы Өскеменде төрт учаске, сондай-ақ Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы үш бірдей жер телімі облыстың бұрынғы шенеуніктерінің біріне тиесілі болған, - деді облыс прокуратурасы.

Бұл жерлердің барлығы мемлекет меншігіне өтті. Олардың нарықтық құны 4,8 миллиард теңгеге бағаланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: azattyq-ruhy.kz
Өзгелердің жаңалығы