Шығыс Қазақстанда биыл кене шаққандар көп

Шығыс Қазақстан облысында биыл кене шаққандар саны 6,4 пайызға артып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, сәуір айынан бері облыс бойынша кене шаққан 3927 адам дәрігерге қаралған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4 пайызға көбейді. Себебі биыл өңірде кенелерге қолайлы ауа райы болған.

Кенеден зардап шеккендер саны бойынша Өскемен қаласы (1917 адам) бірінші орында. Одан кейін Риддер қаласы мен Алтай ауданының халқы тұр. Ал кене ең аз шаққандар Ұлан ауданында (13 адам), - делінген ақпаратта.

Ауруханаға қаралғандардың 94 пайызы иммуноглобулин алды. Қалғандарына кене энцефалиті вирусының әсерін бейтараптандыратын екпе салынбады. Кейбіреулері өз еркімен бас тартса, басқалары дәрігерге тым кеш жүгінген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы