Шығыс Қазақстан: Риддерде бір айлық қар жауды
Риддер қаласында түні бойы толассыз жауған қардың қалыңдығы бір метрден асты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Риддер қаласында түні бойы толассыз жауған қардың қалыңдығы бір метрден асты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қалың қар көлік қозғалысына біраз кедергі келтірген.
Бір тәуліктің ішінде бір айлық қардың нормасы түсті. Коммуналдық қызмет 24/7 жүмыс істеп жатыр. Түні бойы 13 техника тоқтаусыз қаланы қардан тазартумен болды. Күндіз де қала жолдарын тазалау жұмыстары тоқтатылмады. Жеке меншіктегі техника иелерін тарту арқылы бүгін 30 техника үздіксіз жұмыс істеді. Қазір техниканың жартысы екінші ауысымға шығып, көшелер түнде де қардан тазартылатын болады, - деді Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Қанат Оралбек.
Қалың қармен қарбласып, қаладағы су беру жүйесінде 4 апаттық жағдай орын алып, қалада бірнеше үй сусыз қалды.
Қалада 340 шақырым ауыз су құбыры бар. Бір жерде болмасын, бір жерде құбырлардың жарылуы қалыпты жағдай. Қазіргі уақытта 4 апаттық жағдай да қалпына келтірілді. Қала тұрғындары ауыз сумен толық қамтылды, - деп қосты Қанат Оралбек.
- Қазақстанда биыл 188 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған 11:56
- Жүректі елжіреткен сәт: Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен кездесті 11:52
- Алатау қаласына Кореядан инвестиция тартылмақ: Тоқаев келіссөз жүргізді 11:43
- Қазақстан нарығына төртінші ұялы байланыс операторы әзірге кіре алмайды – министрлік себебін түсіндірді 11:41
- «Таудағы қоқысты кім жинайды?»: Экобелсенді туристердің жауапсыздығын сынға алды 11:31
- Қазақстанда цифрлық активтерден түскен табысты салықтан босату ұсынылды 11:17
- Тоқаев Hyundai басшысымен кездесті: Қазақстанда автокөлік өндірісінің жаңа кезеңі басталмақ 11:03