Шығыс Қазақстан облысының тұрғынынан есірткі табылды

Шығыс Қазақстан облысының тұрғынынан есірткі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде полицейлер 36 жастағы ауыл тұрғынын анықтады, оның үйін тінту барысында есірткі заттары табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шықты, оның жалпы салмағы 1183,10 грамды құрады.

Ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы