6 Қыркүйек 2026, 23:26
Фото: depositphotos.com
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 875 шақырым жерде орналасқан.
Бүгін, 6 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 23:08-де Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ТЖМ «Ұлттық ғылыми сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер орталығы» хабарлады.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 875 шақырым жерде орналасқан.
Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауылында жер сілкінісінің есептік қарқындылығы 2 балл болды.
Эпицентрдің координаттары – 49.167° солтүстік ендік және 84.417° шығыс бойлық.