Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстар атқарылды

Өңірде өзендердегі мұзды жүргізу жұмыстары жалғасуда. Су деңгейі қауіпті деңгейден төмен, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Өзендерде мұз кептелісін азайту үшін өңірде жалпы ауданы 221596 шаршы метрді құрайтын 17 мұз жару жұмысы жүргізілді. Уақтылы ұйымдастырылған іс-шаралар мұздың кедергісіз жүруіне және кептеліс жағдайын туғызбауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта еріген қар суын өткізу және өзендердегі мұздың кептеліссіз өтуі бойынша мониторинг жүргізілуде, су тасқыны қаупі бар учаскелерге тексерілуде.

Қала мен аудандардың әкімдіктері су тасқынына қарсы жұмысты аяқтады. Ұзындығы 135 км 72 канал, ұзындығы 376 км 448 арық, автокөлікте 1735 су өткізу құбыры, темір жолдарда 90, 277 көпір тазартылды. 369 мың текше метр қар шығарылды. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 334 су өткізу құрылысы, 85 көпір, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында - 1588 су өткізу құрылысы, 85 көпір тазартылды.

Алтай және Күршім аудандарында осы іс-шараларды өткізуге Қазақстан Республикасы ТЖМ 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері де жұмылдырылды.

Жағдай қиындаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтері құралымдарының күштері мен құралдары топтастырылды: 2270 адам 732 бірлік техника, 61 жүзу құралы және 234 бірлік мотопомпалар, сондай-ақ қосымша ҚМ, ҰҰ әскери бөлімдерінің, Шекара қызметі департаментінің және полиция департаментінің қызметкерлерінен 1379 адам және 55 бірлік техника.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы