Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар барлық жолдар ашық

«ҚазАвтоЖол» ұлттық автомобиль жолдарын басқару операторы қатты аязға байланысты Шығыс Қазақстан облысында ұзақ сапарлардан бас тартуды сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оператордың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар барлық жолдар ашық.

Дегенмен, аймақта -40 градусқа дейін аяз бар. Осыған байланысты барша қала тұрғындары мен қонақтарын ұзақ сапарлардан бас тартуды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2024 жылғы 17 ақпанда сағат 18:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты тоғыз облыстағы республикалық маңызы бар 12 тас жолда қозғалысқа шектеу енгізілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы